"70 өлеңі бар". Атышулы блогер Мұрат Әбділдә түрмеден видео түсірді

"70 өлеңі бар". Атышулы блогер Мұрат Әбділдә түрмеден видео түсірді
Фото: Turkistantv.kz

Атышулы блогер Мұрат Әбділдә түрмеден видео түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Видеоны "Түркістан" телеарнасы TikTok-парақшасында жариялады. Телеарна тілшісі Мұрат Әбділдәнің 70 өлеңі барын атап өтті. 

"Бұйырса шығамын", - дейді блогер. 

@turkistantv.kz

Мұрат Әбділда түрмеден сәлем жолдады ?"Turkistan" телеарнасының журналисті Мұрат Әбділда жатқан түрмеге арнайы барып, жағдайын біліп қайтты. Түрмеде отырып жаңа 70 ән жазған желі жұлдызының қандай жаңалығы бар? Ол абақтыдан қашан шығады? ?Толығырақ жуырда "Жедел сұхбат" бағдарламасынан көріңіздер! #TurkistanTV

♬ оригинальный звук - turkistantvkz

Айта кетейік, блогер Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда танымал блогер Мұрат Әбділда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Көмегім дайын". Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбділдәға іздеу жариялады

Еске салайық, бұған дейін атышулы блогер Мұрат Әбділда түрмедегі өмірін айтып, алғаш рет сұхбат бергені хабарланған еді.

Кейінірек оның мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екені белгілі болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина