"Сүйінші!" Танымал актер қуанышты жаңалығын бөлісті

"Сүйінші!" Танымал актер қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: әлеуметтік желі

Танымал актер Асылхан Төлепов Ақтөбе облысы Ойыл ауданының "Құрметті азаматы" атағын алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ардақты ағайын, сүйінші! Бүгін туған жерім - Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының "Құрметті азаматы" атағына ие болдым! Аллаға сансыз шүкір! Мені осыған лайық көріп, қашан келсем де құшақ жая қарсы алатын жерлестеріме, ауыл ақсақалдарына рахмет! Туған өңірімнің маған деген құрметі мен махаббаты мен үшін барлық атақ, лауазымнан да қымбат", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асылхан Толепов (@assylkhantolepov)

Желі қолданушылары актердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді.

"Құтты болсын. Еңбегіңіз жана берсін", "Жарайсыз, Асеке! Жарқырып елге қызмет етіп ыстық ықылысқа бөленіп жүре беріңіз!", "Жарайсың! Ел құрметіне бөлене бер", "Бәрекелді! Өркенің өссін! Құтты болсын! Абырой биігінде самғай бер!" - деп жазды олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова