Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Самал Еслямова: мәдениет саласындағы стипендия кімдерге берілді?

Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Самал Еслямова: мәдениет саласындағы стипендия кімдерге берілді?
Фото: REUTERS

2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны алатын адамдардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың сайтында шыққан тізімге қарағанда, олардың арасында белгілі ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері бар. 

2023 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамы: 

  • Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, II дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Ахметова Күләш – 1946 жылы туған, ақын, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, І дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Әшімов Әкім – 1933 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы;
  • Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Елубаев Смағұл – 1947 жылы туған, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы;
  • Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, ақын, "Отан", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Есенқарақызы Ханбибі – 1949 жылы туған, ақын, III дәрежелі "Барыс", "Парасат" ордендерінің иегері:
  • Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, драматург, III дәрежелі "Барыс" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Жақып Бауыржан – 1963 жылы туған, ақын, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері; Жәленова Қатира – 1951 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты;
  • Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, "Отан", ІІІ дәрежелі "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері;
  • Иманғазина Бибігүл – 1942 жылы туған, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Қазақстанның Еңбек Ері, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" және ІІ дәрежелі "Достық", "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Қабышұлы Ғаббас – 1935 жылы туған, сатирик, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты;
  • Қалиев Серік – 1972 жылы туған, ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты;
  • Қанапиянов Бахытжан – 1951 жылы туған, ақын, аудармашы, "Парасат" және II дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Қыдырханұлы Уахап – 1932 жылы туған, жазушы, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері;
  • Мырзабек Амангелді – 1968 жылы туған, жазушы-публицист, әдеби сыншы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталған, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты;
  • Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, І дәрежелі "Барыс", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Нұржан Светқали – 1962 жылы туған, ақын, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған;
  • Нұржекеев Бексұлтан – 1941 жылы туған, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы;
  • Нұрмағанбетов Тынымбай – 1945 жылы туған, жазушы, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Оразов Нұрғали – 1960 жылы туған, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталған, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты;
  • Оспан Сейфолла – 1938 жылы туған, ақын, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері;
  • Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, ІІІ дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Сәрсеке Медеу – 1936 жылы туған, жазушы, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері;
  • Сегізбаев Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері, "Отан" және І дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері;
  • Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Ыбыраев Маралтай – 1969 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты.

Өнер қайраткерлері

  • Ақанаев Амандос – 1948 жылы туған, суретші, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Алпысбай Бақытбек – 1948 жылы туған, актер, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;
  • Аравин Юрий – 1941 жылы туған, музыкатанушы, "Отан" және "Парасат" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Ахмедияров Ерболат – 1982 жылы туған, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Ахметова Шайза – 1948 жылы туған, актриса;
  • Ахметов Қанат – 1957 жылы туған, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Әбікеева Гүлнар – 1962 жылы туған, киносыншы, кинотанушы, "Құрмет" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған;
  • Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, актер, Қазақстанның Еңбек Ері, "Отан" және І дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Бәйсейітова Раушан – 1947 жылы туған, балерина, "Құрмет" орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Демеуов Бейімбет – 1964 жылы туған, дирижер, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Дүзелханов Ағымсалы – 1951 жылы туған, суретші, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  •  Елубаев Ренат – 1982 жылы туған, суретші, халықаралық конкурстар лауреаты, Қазақстан ақпараттықэнциклопедиялық анықтамалығының рекордшысы;
  • Еслямова Самал – 1984 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінің ең үздік әйел рөлі үшін жүлдесінің және Азия киноакадемиясының "Ең үздік Азия актрисасы" жүлдесінің, Ресей кинематография өнері академиясының "Ника" сыйлығының лауреаты;
  • Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Жаманқұлов Тұңғышбай – 1948 жылы туған, актер, ІІІ дәрежелі "Барыс", "Парасат" және ІІ дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Жұмабеков Кеңес – 1948 жылы туған, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Игілік Оразалы – 1994 жылы туған, Музыкалық жас көрермен театрының актері;
  • Кенжебекова Алмахан – 1950 жылы туған, актриса, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, "Парасат" орденінің иегері;
  • Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина;
  • Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, І дәрежелі "Барыс" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Мейрамов Тілектес – 1948 жылы туған, актер, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері; Мырзабекова Гауһар – 1956 жылы туған, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, актриса, "Парасат" орденінің иегері;
  • Ни Любовь – 1952 жылы туған, ІІ дәрежелі "Достық" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, IIІ дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, режиссер, І дәрежелі "Барыс" және ІІ дәрежелі "Барыс", "Парасат" ордендерінің иегері;
  • Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, актер, "Отан", І дәрежелі "Барыс", "Парасат" және І дәрежелі "Достық" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Өмірбеков Байтұрсын – 1946 жылы туған, суретші, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, актриса, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері;
  • Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, әнші, "Парасат" орденінің иегері;
  • Сағынаева Әуес – 1950 жылы туған, қолөнерші;
  • Сағынтай Назым – 1994 жылы туған, "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының солисі;
  • Сапарбаев Еркебұлан – 1978 жылы туған, скрипкашы, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, актриса, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері;
  • Тоқтаған Айтжан – 1946 жылы туған, күйші-домбырашы, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Толқынхан Самғар – 1989 жылы туған, камералық ансамбль әртісі;
  • Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, "Отан" және І дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Трегубенко Андрей – 1978 жылы туған, Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Ященко Максим – 1989 жылы туған, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойғанын хабарлаған едік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан