"Жылағысы келіп кетті". Әліппемен қоштасатын күні көлік қаққан оқушысын іздеп келген ұстаз көпті тәнті етті

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде әліппемен қоштасатын күні ауруханаға түсіп қалған оқушысына келген ұстаздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы мәліметкен сүйенсек, оқушыны көлік қаққған. Кадрларда мұғалім құр қол келмей, оқушысына арнайы диплом алып келгені көрінеді. 1-сынып оқушысы да жаттаған өлеңін оқып береді.

"Әліппемен қоштасатын күні көлік қағып, аяғына ота жасалған оқушысын іздеп келген ұстаз", - деп жазылған видеода.

@sandugash_alimzhanova #ұстаз #ұстаздар #ұстаздарғамыңалғыс #ұстаздарғамыңалғыс❤ #әліппеменқоштасу #әліппеменқоштасу??? ♬ Құлыншағым - Нұрлан Әлімжанов

Желі қолданушылары арасында видеодағы мұғалімді танығандар да бар. Олардың сөзінше, бұл - Алматыдағы 174 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.

"Ұстаздың аты ұстаз ғой қашан да", "Жыладым көріп, ұстазына мың алғыс", "Оқушысы да тебіреніп, жылағысы кеп кетті", "Керемет ұстаз, жарайсыз", "Менің ұстазым ғой бастауыштағы, Айжан апай", "Тезірек сауығып кет, балапан. Ұстазына рақмет", "Алматы қаласы Наурызбай ауданы 174 мектеп гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Айжан апай. Менің әріптесім, біз сізбен мақтанамыз, апай", "Керемет, ұстазға басымды ием", "Міне ұстаз", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова