"Тойға сол күні ұшып келдім". Мейрамбек Бесбаев шаңырақ көтерген кезін еске алды

Әнші Мейрамбек Бесбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында отбасын құрған күнін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі тіпті той болатын күні гастрольден келгенін жеткізді.

"Тойға сол күні ұшып келдім. Ұшпай қалады-ау деп ойламаймыз. Қорықпайды екенбіз ғой. 2004 (жыл - еск.) 8 шілде. Астанада болғанмын. Астана күні ме, білмеймін, той-томалаққа келгенбіз", - дейді ол.

Биыл әншінің шаңырақ көтергеніне 20 жыл болады екен. Мейрамбек Бесбаев бірнеше жыл бұрын жұбайымен қалай танысқанын да әңгімеледі.

"Өзінің ортасы солай ма, қазақша әндерді тыңдамайтын кездері ғой. Қыздар суретке түсіп жатқанда, (жұбайы - еск.) "бұлар кімдер?" деп. Өзінше болғанды көрсетеміз дедік қой. Ол кезде он жетіде болған. Он сегізге толсын, "содан кейін үйленесіңдер" деді. Он сегізге толғаннан кейін мінезімді білгеннен кейін "дұрыс екен" деді-ау", - дейді әнші.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!