"Ұрпақсыз қалып бара жатырмын" десе, өкпелемеймін". Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне екінші отбасын құруға рұқсат еткенін айтты

"Ұрпақсыз қалып бара жатырмын" десе, өкпелемеймін". Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне екінші отбасын құруға рұқсат еткенін айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Ұйқым келмейді" бағдарламасында күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қызы өзінен кейін бауыр сұрайды.

"Сұрайды. Сұрағанымен Алладан сұрап жатырмыз. Бір Аллахтан оның бәрі. Бұйырып жатса болар. Болмаса екінші жолын папамызға айтқанбыз. "Қарастырыңыз, өкпе жоқ" дегенбіз. Мен қалай бар солай өмір сүремін. "Екінші отбасылы болайын, менен ұрпақ қалсын деген көңілінде қаяу болса, айтқысы келсе, ашылып айта беріңіз" (дегенмін - еск.). Алуға мен емес, Алладан рұқсат, Алла рұқсат беріп қойған ер азаматтарға. Мен Алладан ұлық емеспін, рұқсатымды бергенмін. "Ұрпақсыз қалып бара жатырмын" десе, мен өкпелемеймін. Өкпелеуге қақым жоқ. Адамды байлап, жаныма ұстауға қақым жоқ. Ақты ақ, қараны қара деймін. Денсаулығым жарамаса, осындай тағдыр болса, осыған көнуім керек. Кім біледі Алла шебер ғой. Бермесе өкпем жоқ. Алла қызыма ғұмыр берсін. Жолдасыма да өкпем жоқ. Екінші отбасын құрамын десе, мархабат. Ол кісі "қойшы, бір әйел жетеді" дейді", - деп әңгімеледі әнші.

Айта кетейік, бүгінде әнші жұбайымен бірге бір қыз тәрбиелеп отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова