"Жартылай кредитке алған". Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы жасаған қымбат сый туралы айтты

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы жасаған қымбат сый туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, күйеуі қаржылық жағынан өте сауатты кісі болған.

"Ең алғашқы көлігімді түсімде көрдім. Қайрекем сыйлаған. Жартылай кредитке алған ғой. 1 айдан кейін маған "төлеу керек" деген хабарлама келіп тұр. Артынан неге олай алғанын түсіндіріп берді. Іскер адамдардың өз жоспары болады әрқашан, ми қатпарлары да басқалай жұмыс істейтін сияқты. Сөйтіп жүріп, Қайрекем 1 жылда төлеп тастады. Артынша балаларға да қаржылық сауаттылықты үйретті", - деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!