"Жолдасымнан "ата-бабаңнан не қалды?" деп сұрадым". Тамара Асар екі жүз жылдық тарихы бар жәдігер туралы айтты

"Жолдасымнан "ата-бабаңнан не қалды?" деп сұрадым". Тамара Асар екі жүз жылдық тарихы бар жәдігер туралы айтты
Фото: Желіден

Әнші Тамара Асар жолдасының бабасынан қалған екі жүз жылдық тарихы бар қазан туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі барлық қалған заттарды үйге алдырып, жинап қойған.

"Тұрмысқа шыққаннан кейін "ата-бабаңнан не қалды?" деп жолдасымнан сұрадым. Ол "әкемнің аты жазылған кілем, балға, балта, пышақ және анамнан қара қазан қалды, ол қарындасымның үйінде" деді. Олардың бәрін алдырттым. "Сен әулеттің үлкенісің" деп қазанды  алдыртып, тазаладым. Күнделікті өмірде тамақ істеуге қолданамын. Содан кейін жолдасым тағы да 1829 жылы құйылған үлкен қазан бар екенін айтты. Оны алдыртып, ең алғаш оған наурызкөже астық. Алла қаласа, 5-6 жылдан соң сол қазанға екі жүз жыл толады екен. Анда-санда сыртқа кеткенде "қазаным орнымда тұр ма?" деп сұрап қоямын", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы