"Иманды болыңыз, папа". Айгүл Иманбаева бұрынғы қайын атасының қазасына көңіл айтты

"Иманды болыңыз, папа". Айгүл Иманбаева бұрынғы қайын атасының қазасына көңіл айтты
Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov/

Танымал актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы қайын атасының қазасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Бүгін Асылжанымның атасы Әдбімүтәлі дүниеден өтті. Жақсы кісі еді. Иманды болыңыз, папа. Соңғы кездесуіміз екен", - деп жазған ол. 

Еске салайық, бұған дейін актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі Әбдімүтәлі Әбдіхалықов қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. 

"Менің жүрегімді уайымдап жүргенде өзінің жүрегі тоқтады. Қайран әкем, өте жақсы адам болып өттің өмірден", - деп жазды Сәбит Әбдіхалықов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек