"Саған періште, маған некесіз туған бала". Тағы бір қыз Кенжебек Нұрдолдайдан жүкті екенін айтты

"Саған періште, маған некесіз туған бала". Тағы бір қыз Кенжебек Нұрдолдайдан жүкті екенін айтты
Фото: Жәмилә ұсынған сурет

Жазда әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай үйленді деген ақпарат тарап, сурет-видеолар жарияланған еді. Кейін әнші бағдарламалардың біріне берген сұхбатында мұның бәрі түсірілім екенін айтты. "Көреміз" бағдарламасында әншінің бірінші әйелі Жәмилә Тоқанова күйеуінің ұрғанын және айлық баламен далаға шығарып жібергенін айтты. Оның айтуынша, бұдан бірнеше ай бұрын тағы бір қыз Кенжебектен жүкті екенін айтып, хат жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жәмилә Тоқанованың айтуынша, Кенжебек Нұрдолдай үйленгеннен кейін "тоқал аламын" деп шыққан. 

"Екінші әйел аламын дегенде бәріміз бір үйге қалай сиямыз деп сұрадым. Ал ол "сендер бұл үйде тұрмайсыңдар" деді. Мен сендерді бөлек пәтерге шығарамын, пәтер ақысын өзім төлеймін, өзің қалаған пәтер іздей бер. Анам да саған көмектеседі. Бәрің бірге тұрасыңдар деді. Кенжебек тоқалға қатысты идеясын анасына айтқан кезде, ол "ойбай ұят, көңілдесіңде қара шаңырағыңа әкеліп, әйелің мен туған анаңды балаңмен қосып, пәтер аралатып қоймақсың ба?" деді", - дейді Жәмилә. 

Жәмиләнің сөзінше, Кенжебек ашуланғанда адам танымастай өзгереді. Ол "қит етсе, үйден қуып шығамын" дейді.

Жәмиләнің құрбысы Ботакөз Мақұлова екі жастың қалай танысқанын айтып берді. 

"Біз Жәмиләмен жастар демалатын жерге бардық. Ол жерде менің Дәулет деген досымның туған күні болды. Сол түні Кенжебек сол жерде болды. Бір жыл бұрын қыркүйекте болған оқиға. Мен ойланбастан Кенжебекке барып, диплом жұмысыма түсіргім келетінін айттым. Ол қарсы емес екенін айтты. Жәмилә қасымда тұрды. Екеуі танысты. Басында Жәмилә бәрін ашып айтпайтын. Сол кезде арамыз суи бастады. 1 шілде болған тойға да шақырған жоқ. Ол кезде Жәмилә екеуміз ұрсып қалғанбыз. 1 шілдеде болған той расымен болды, ешқандай бейнебаян емес", - деді ол. 

Жәмиләның анасы Айман Тоқанованың айтуынша, қызы алғашында Кенжебектің өнер иесі екенін білмеген. 

"Кенжебекті алғаш рет Малаховтың бағдарламасында көрдім. Онда оған ақ тілегімді жазып жібердім. Кенжебек алдыма келіп, "Тәте, қандай жақсы адамсыз. Өте тәрбиелі, инабатты, алға деп өмір сүретін қыз тәрбиеледіңіз. Бұл қызыңызды тастамаймын" деді. Бұлар жаңа жылға дейін отбасын құрғысы келді. Бірақ оның әкесінің туысқаны қайтыс болыпты. Құдағимен таныстық, сырға салу өтті. Қызым 1 шілдеде ұзатылды. Үйлену тойы 2 шілдеде болды. Бұрынғы күйеу баламның фейк той туралы айтқаны өтірік", - деді Айман Тоқанова.

Мейрамхана қызметкері Раушан Сұлтанованың айтуынша, ұзату той шынымен болған. Тойды басқарған Марат Әлібаев та бұл ақпаратты растады.

"Ешқандай фейк емес, мамыр айында анасы келіп, 1-қабатта құдалық, 2-қабатта ұзату болды. Екеуі бақытты болды", - дейді ол.

Бала дүниеге келгеннен кейін 14 күн өткен соң, Кенжебек әйелі мен баласын үйден шығарып жіберген. Ал заңды неке тіркелмеген. 

Жәмиләның анасы Айман Тоқанованың айтуынша, Кенжебек Жәмиләға қол көтерген. 

"Жұмыстан кейін құдайғай хабарласып, қызымызды алып кет деді. Үйге келсек, Кенжебек кіреберісте тұр. "Ренжімеңіздерші, шаршап кеттім" деді", - дейді Жәмиләнің анасы.

Жәмиләнің сөзінше, Кенжебек әйелін көп ашуландырып, қоқан-лоқы көрсететін.

"Қол көтерді. Жиі көтермейтін, қарсылық танытқанда, оның қасында маған ұнамайтын әйел бар. Ол бұрынғы қызын қонаққа шақырамын дейтін. Ал мен үйге әкелме, мен оған шай бергім келмейді дейтінмін. Ол менің телефонымды алып алатын. Өте мейірімді адам ретінде көрінетін. Мен оны танып үлгермедім. Менің ойымша, АХАЖ-ға барып, некемізді заңды тіркемеу Кенжебектің жоспары болды. Алғашында ата-анамыз үйленуге рұқсат бермеді. Сол кезде ол "жүкті болуың керек, ата-анамыз сол кезде рұқсатын береді" деген. Мен мұның біртүрлі екенін айттым. Некемізді тіркейік дегенде ол сылтау айтатын. Ол "тыңдармандарым үйленгенімді білгенін қаламаймын" дейтін, оған қоса, басқа да қыздары болған. Менімен тұрмыста бола тұра, басқа қыздармен сөйлескен. Келіп "Мен тоқал аламын деді". Мен қарсы болмадым. Ол "қалталы ер адам өзіне екінші әйел алуға жағдайы жетеді" дейтін. Ол өзін бай санайтын, сондай болғысы келетін. Мен 10 жыл тұрып көрейік, сосын көреміз дедім. Кейін ол қызды көрсетті. "Осы қызды алғым келеді" деді", - деді ол. 

Бағдарлама мәліметінше, Кенжебек бұл жағдайдан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Ол сонда баласы үшін жауапкершілік алатынын, бірақ сүймейтін әйелмен бірге тұра алмайтынын, қазір басқа әйелге үйленгенін жазған. Оған қоса, ол балаға алимент төлейтінін, тегін беретінін айтқан. Алайда әлі айтқан сөзінен тайқып отыр. 

Жәмиләға Уфадан бір қыз жазған. Оның айтуынша, қыз Кенжебектен жүкті болып қалған. Ол енді босануы керек. Сондай-ақ, Жәмилә Кенжебек екеуінің сөйлескен аудиосын бөлісті. 

"Әрине, маған балаға бәрібір. Ол некесіз туған бала. Ол - сенің періштең, мен үшін ол - некесіз туған бала", - дейді Кенжебек аудиода. 

Еске салайық, бұған дейін Кенжебек Нұрдолдайдың бірінші әйелі Жәмилә редакциямызға сұхбат берген еді. Кейін әнші Кенжебек Нұрдолдай бұрынғы сүйіктісінің айыптауына қатысты пікір білдірді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек