Мирас Жүгінісов Мархаба Сәбидің жазбасына жауап берді

Танымал әнші, композитор Мархаба Сәби ағайынды Жүгінісовтерге, оның ішінде, Мирас Жүгінісовке өкпелі екенін айтқан еді. Мирас Жүгінісов композитордан кешірім сұрағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Негізі, барлық жерде Мархаба ханымның автор екені көрсетілген. Менің сұхбаттарымды көрген адамдар біледі, мен барлық жерде Мура досымның әнін жазатынын, Мархаба ханымның сөзін жазатынын және сөздері бөлек екенін айтып жүремін. Қазақстан даусында Мухаммедәлі редакторларға қазіргі автордың атын қателікпен жазып жіберіпті. Ол үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Жеке де хабарласып, кешірімін алдық", - деп жазған әнші. 

Танымал әнші, композитор Мархаба Сәби ағайынды Жүгінісовтерге, оның ішінде, Мирас Жүгінісовке өкпелі екенін айтқан еді. 

"Бүгін мен Мирас Жүгінісовке, жалпы, Жүгінісовтер отбасына деген ренішімді, көңілімнің қалғанын айтқым келіп, білдіргім келіп отыр, осыған дейін үндемей келдім. Бірақ біраз миға қонбайтын нәрселер жасап жатыр. Біз Мирас Жүгінісовпен, Мұрат Қабылов деген тамаша композитор бала үшеуміз 2018-2019-жылдары Мирастың алғашқы шығармашылық бастамасын бастағанбыз. Мұрат Қабылов әнін, мен сөзін жазамын. "Әдетте тәтті-тәтті бәрі басында", "Сүйем, сені сүйем", "Мың есе", "Ол" сияқты әндерді жаздық. Біраз сәтті жұмыс істелді. Сол кезде мен мәтінді 70 мың теңгеге дейін жаздым. Бірақ мен ақша үшін жасаған жоқпын, Мұраттың әндерін ұнаттым. Бір кезеңге дейін жақсы жұмыс істеп келдік. Бірақ әндері жақсы тарап, атақ келе бастаған соң, Мирастан бір өзгеріс байқадым. Көкірегін көрдім, мінезін байқағаннан кейін "осы жерден тоқтата қояйық, мен саған енді мәтін жазбаймын. Бірақ осыған дейін жазған жұмыстарды айте бер, орындай бер, себебі халыққа тарап кетті, мен қызғаншақ адам емеспін, қызығын көре ғой" деп бердім", -  дейді өнер иесі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!