- Негізгі бет
- LifeStyle
- Түсіңде тістің түсіп...
Түсіңде тістің түсіп қалғанын көру нені білдіреді?
Кей адамдар түсінде тісінің түсіп қалғанын көріп шошып оянады. Түс жорушылар оларды денсаулыққа қатысты проблема бар екенін, өмірде бірдеңені жоғалтуы және тіпті, жақын адамынан айырылуы мүмкін екенін айтып қорқытады. Алайда Негевтегі Бен-Гурион Университетінің ғалымдары мұндай қорқынышты түс көрудің ғылыми себебін анықтады.
Бұл жайлы мақала Frontiers in Psychology журналында пайда болды.
Себебі – бруксизм (тісті шықырлату)
Адамдардың 40%-ы өмірінде бір рет болсын түсінде тісінің түсіп қалғанын көрді. Бұл кең тараған түстер қатарына жатады. Ол жайлы 2012 жылы жүргізілген зерттеуде анықталған болатын.
Жақында израильдік ғалымдар тағы бір зерттеу жүргізді. Олар 18-28 жас аралығындағы 210 адамға сауалнама жүргізді. Олардың әрқайсысы не жайлы түс көргенін, соңғы кездері оларды не мазалағанын және қалай ұйықтағандарын айтып берді.
Сондай-ақ қатысушылар олардың тістерінің негізгі жағдайы жайлы да айтты: ауыздарында қандай да бір жағымсыз сезім бар ма, мысалы, жағы шаршай ма немесе тістері сезімтал ма?
Түсінде тіс көру мен оянғанда ауыз қуысында тітіркену болуының арасында байланыс бары анықталды. Адамдар мысалы, ұйықтап жатқанда тістерін шықырлататынын білмейді. Әдетте, адамда бруксизм бар екенін оның серігі немесе туыстары айтады.
Бір қызығы, түсінде тіске қатысты қорқынышты түс көру ұйқы проблемасына немесе мазасыздыққа еш қатысы жоқ екені анықталды. Яғни, мұндай түстің психологиялық проблеманы білдіретіндігі дәлелденген жоқ.
Осылайша, ғалымдар кей түстердің себебі физиологиялық болуы мүмкін екенін дәлелдеді. Сондықтан әр түсіңізден психологиялық проблемалардың тіке немесе басқа жасырын көрінісін іздеудің қажеті жоқ.
Оқи отырыңыз: Түсіңде өрмекші көрсең не болады?
А. Жапатова