Түсіңде өрмекші көрсең не болады?

Түсіңде өрмекші көрсең не болады?
Фото: envato.com

Көп адам өрмекшіден қорқатыны жасырын емес. Қорықпаса да сескенетіні рас. Ғылымда өрмекшіден қорқуды "арахнофобия" деп атайды. Ал түсте көрген өрмекшіден қорқуға бола ма?

Қазақтар өрмекшіде қасиет бар деп ұғады. Егер үйде отырғанда төбесінен осы бір жәндік түссе, басыма бақ қонады деп қуанады, жолым ашылады деп сенеді. Кейде қонақ келе жатыр деп те болжайтындар бар.

Әдеби ұғымда өрмекшіні киелілік бейнесінде алып, мысал ретінде суреттейді. Қазақтың әдеби тіліндегі "өрмекшінің торындай", "өрмекшінің өрмегіндей", "өрмекшідей өрмелеп" деп келеді. Түрлі жұмбақтар да бар. Ал түске енген өрмекші нені білдіреді?

Сіз түсіңізде өрмекші көрсеңіз, ол өрмекші үйіңіздің төбесіне өрмек тоқыса – бұл жақсылық нышаны. Онда өңіңізде мол байлыққа кенелесіз. Ойламаған жерден дәулетіңіз артады. Бақытыңыз шалқиды. Түсіңізді иманды жанға жорытыңыз.

Түсіңізде өрмекші сізге жабысып алып, үстіңізден түспей жүрсе – бұл жақсылық нышаны. Онда жолыңыз ашылады. Алға қойған мақсатыңыз, тілеген тілегіңіз орындалады. Бақыт қонады.

Түсіңізде өрмекші босағаңызға жабысып тор тоқыса – бұл да жақсылықтың белгісі. Онда өңіңізде шаңырағыңызға құт қонады. Босағаңыз берік болады. Ұрпақтарыңыздың жолы жақсылыққа ашылады. Түске кірген босағаңызға ақ тамызыңыз. Түсіңізді үш күн өткен соң иманды адам тауып жорытыңыз. Түс садақасын беріңіз.

•  Сіз түсіңізде өрмекші көрсеңіз, ол өрмекші салбырап төбеңізге түссе – бұл жақсылық нышаны. Онда өңіңізде иманыңыз кемелденіп, Алладан жақсылық бұйырады. Түсіңізді жат адамға айтпаңыз. Жақсылығын жаратқаннан күтіңіз.

Түсіңізде өрмекшілер үйіңіз, не қораңыздың ішіне көп тор тоқып, қаптап жүрсе – жақсылық нышаны. Онда өңіңізде мал мен басыңыз қатар өсіп, алдағы күнде қисапсыз жақсылықтарға жолығасыз. Мерейіңіз өсіп, бақ жұлдызыңыз көтеріледі. Түсіңізді еш пендеге жорытпай-ақ қойыңыз. Түс садақасын беріп, түсіңіздің жақсы қайырын Алладан күтіңіз.

Түнде көрген түстеріңіз таңғажайып болсын!

Н. Үсенова