Нутрициолог асқазанды "өлтіретін" өнімдерді атады

Нутрициолог асқазанды "өлтіретін" өнімдерді атады
Фото: pixabay.com

Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында асқазанды "өлтіретін" өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман асқазанға мына өнімдер зиян екенін айтты:

  • Газдалған сусын;
  • Көп мөлшердегі қант;
  • Тәттілер;
  • Кофе;
  • Аш қарынға шай ішу.

"Бұл тағамдардың барлығының да құрамында зиянды майлар, қоспалар, химикаттар, тұз, қант, "Е" консерванттар мөлшері өте көп. Сондай-ақ бұл тізімді маргарин, ұзақ уақыт сақталған балмұздақ, шоколадты батондар, шайналатын жұмсақ тәтті кәмпиттер толықтырады", - деп жазды Лаура Сейітбек.

Оқи отырыңыз: "Ащы тамақтың қатысы жоқ". Асқазан жарасы неден пайда болады?

А. Жапатова