Белгілі әнші, актер Марат Оразметов қайтыс болды

Белгілі әнші, актер Марат Оразметов қайтыс болды. Бұл туралы танымал өнер адамдары жазып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Марат құрдасым, үзеңгілес бауырым. Алла рахымына алсын. Төбемнен жай түскендей болып отырмын. Жаның жәннатта болсын", - деп жазды Алтынай Жорабаева.

"Бақұл бол, досым. Қазақ елі дарынды ұлы Оразмет Марат Өмірханұлыынан айырылды. Отбасына қайғыра көңіл айтамыз", - деп жазды актриса Жұлдызай Дүйсенбиева.

Айта кетейік, Марат Оразметов - ҚР "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, актер және әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!