Жұма намазда не істеуге болмайды?

Адамның жұма құтпа кезінде не істеуіне болмайды? Бұл сұраққа Fatua_kz-ке Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Пайғамбарымыз хадисінде имам құтпаға шыққан кезде сөз де жоқ, намаз да жоқ деген. Сондықтан имам құтпаға мінберге шыққан кезде, шыға бастағаннан бастап адам ешнәрсемен айналыспауы керек. Телефон қарауға, біреумен сөйлесуге, тіпті, Пайғамбарымыздың хадисінде келтірілгендей басқа біреуге "тыныш отыр" деп те айтуға болмайды. Сондықтан жұманың құтпасы кезінде сөйлеу және артық бір тірлік жасау бұл күнә болып табылады екен", - дейді маман.

Оқи отырыңыз: Бірдеңе жоғалтып алсаңыз, "жарайды, садақа" деу дұрыс па?