"Алты келін бір шаңырақ астында тұрады". Түйе сауып жүрген абысындар желіні тәнті етті

Фотограф Ернар Алмабек Маңғыстау облысына сапары барысында түйе сауып жүрген абысындарды суретке түсірді. Ауылдағы әдемі көрініс Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Сенек ауылында түсірілген. Кадрларда абысындар бір шаңырақ астында алты келін тұратынын айтады. 

"- Алты келін бір шаңырақтың астында?

- Иә, екі келін Өзенде, біреу жұмыспен, біз үйдеміз баламен, қалған келіндердің кішкентайлары бар. Үш ағайындыдан тараған балалар ғой. Біз немере келіндерміз осы үйде.

- Екеуміз немере келінбіз. Бірақ туған апам сияқты.

- Бәріміз бірге тұрамыз, ешкім бөлінбейді, бір үйде тұрған соң бір үйдің балаларымыз", - дейді келіндер видеода.

Видеодан алынған кадр

"Абысын тату болса, ас көп. Ағайын тату болса, ат көп" деген осы болса керек", - деп жазды Ернар Алмабек.

Желі қолданушылары ауылдағы жылы көрініске жақсы лебіздерін жазды.

"Абысындар бір-біріне уақыт өте ұқсап кете ме? Мынадай тату абысындардан айналып-ақ кетесің", "Тамаша", "Қандай күшті қыздар,бақытты болыңдар", "Керемет, қарапайымдылық", "Шіркін бәрібір қазақтың қыздары, келіндері мықты ғой, ешкім жетпейді оларға", "Айналайындар-ау, қандай анадан туған десей", - дейді әлеуметтік желідегілер.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз