"5-сынып оқып жүрген кезінде көрдім". Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші жұбайы туралы айтты

Танымал әнші Еркін Нұржанов жұбайына қатысты қызық деректі бөлісті. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші жұбайын алғаш рет қашан көргенін әңгімеледі.

"Жеңгеңіз алғаш көрген кезде 5-сынып оқитын. Ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті", - дейді әнші.

Айта кетейік, Еркін Нұржанов 2014 жылы екінші рет шаңырақ көтерді. Ашық дереккөз мәліметтерінде Еркіннің таңдауы Динара есімді тараздық аруға түскен екені айтылады. Сонымен қатар, әншінің жары одан 14 жас кіші екені туралы да деректер бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!