Айдаһар жылында дүниеге келген балалардың мінезі қандай болады?

 Айдаһар жылында дүниеге келген балалардың мінезі қандай болады?
Фото: ru.freepik.com

Айдаһар жылында дүниеге келген балалар қандай болады? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Айдаһар жылы қай күннен басталады?

Қытай күнтізбесі бойынша, айдаһар жылы 10 ақпанда басталады. Ал 10 ақпанға дейін дүниеге келген балалар Қоян жылына жатады.

Алдағы жылдың символы – жасыл ағаш айдаһар. Оны билік, тектілік, абырой және сәттілік белгісі санайды.

Айдаһар жылында дүниеге келген балаларға жылпы сипаттама

Болашақта айдаһар жылында дүниеге келген балалар өз өмірлерін құқық қорғаушы органдар, саясат немесе заңмен байланысты мамандықтармен байланыстыруы мүмкін. Олар әділеттілікке қол жеткізгісі келеді және  басқалардың құқығын қорғайды.

Баланың дүниеге келген жылы ғана емес, сондай-ақ айы да маңызды рөл ойнайды. Егер бала от стихиясына (Арыстан, Мерген, Тоқты) жатса, олар басқаларға қарағанда лидер болуға ұмтылады. Оларға барлық жарыста алғашқы орындарды алу маңызды.

Жер стихиясына жататын жұлдызнама белгілерінің (Бикеш, Торпақ, Тауешкі) өкілдері шығармашылық мамандықтарға бейім келеді. Олар сабырлы және байсалды келеді. Олардан жиі өнер танушылар, суретшілер, волонтерлер шығады.

Ауа стихиясына жататын жұлдызнама белгілерінің (Суқұйғыш, Таразы, Егіздер) өкілдері қырсық және тұрақсыз. Олар өздерін басқаларға қарағанда ұзағырақ іздейді және түрлі салада жұмыс істеп көруі мүмкін. Алайда жанына жағатын нәрсе тапса, бұл салада үлкен жетістіктерге жетеді.

Су белгілері (Сарышаян, Шаян, Балықтар) – эмоция жағынан ең тұрақты адамдар. Олар әдетте кез келген істі соңына дейін апарады және бос уәделер бермейді.

Айдаһар жылында дүниеге келген балалардың мінезі қандай болады?

Бала кезінде ол көбірек ата-анасының назарын қалап, жалғыз қалғысы келмеуі мүмкін. Егер оған бірдеңе ұнамаса, ол бұл жайлы бірден айтады. Оларды үндемейтін және тыныш бала деп айту қиын.

Олар ерте еңбектеуі, жүруі және басқа да физикалық дағдыларды үйренуі мүмкін.

Олар қатаң тыйымдарды қабылдай алмайды. Олар ата-анасының қарсылығына қарамастан өз ойлағанын істейді. Сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығын қажет салаға жұмсақ түрде білдіртпей аудару маңызды.

Әдетте кішкентай "айдаһарлар" қырсық, бір орында отыра алмайтын және еркіндікті жақсы көретін болады.

Айдаһар жылында дүниеге келген қыздар әрқашан көпшілік назарында болады. Сондай-ақ олар шығармашылыққа бейім келеді және талғамы жақсы болады. Басқаларға талапшыл, бірақ сондай-ақ жомарт, басқалармен бөлісуді біледі.

Ал Айдаһар жылында дүниеге келген ұлдар табиғатынын тартымды келеді және олардың харизмасы өз мақсатына жетуге көмектеседі. Олар лидерлік қабілеттерін пайдаланып, кез келген ортаны жандандырып жібереді. Олар қызба мінезді келеді, алайда жақындарына көмектескенді жақсы көреді.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылды әлем неше күн тойлайды?

А. Жапатова