Медеу Арынбаев өзі орындайтын танымал ән Дариға Назарбаеваға арналғанын айтты

Медеу Арынбаев өзі орындайтын танымал ән Дариға Назарбаеваға арналғанын айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал әнші Медеу Арынбаев "Динамен дұрыс" бағдарламасында "Дариға жүрек" әні кімге арналғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, алғашында ән кімге арналғанын білмеген.

"Дариға жүректі" мәжбүрлеп айтқандай айтқанмын. Былай болды, 20 жыл алдын Серік Абас-шах "Хабар" арнасынан телефон соғып, "Медеу, жол жөнекей жолығып кету керек, мынаның ішінде бір ән бар, осыны тыңда да, қолға алу керек, орындау керек, осыған зер сал" деді. Тыңдасам, сөзі әп-әдемі сияқты, бағыты да, бірақ автордың орындаушылық мәнер, шеберлігіне мүлдем сөз жоқ. Жай акапельмен айтып берген. ..."Бұлай хит болады" деп біреу маған айтатын болса, өзіне күліп қарар ма едік?! Өзіміздің жүрегімізді салдық, сәл аяладық. ...Ол кезде (кім туралы айтып жатқанымызды - еск.) білген жоқпын. Кейін әнді жазып, уф, өткіздім, аңғармаймын. Қазағымыздың Дариға деген қыздары (бар ғой - еск.)... Классикалық бағыттағы ән. Сөйтсек, солай екен. Саясат деген сонда жатыр екен. Жарайды, ұжым болып, сый-сияпат жасағаны шығар деп ойладым. Солай екен. Ел өзіме түсіндіріп жатыр. Бейнебаянды түсіруші ұжым Дариға Нұрсұлтанқызына арнау болып тұр. Ашылатын әңгіме. Мұны қашанға құпия сақтайсың?!" - дейді өнер иесі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова