"Өзін екінші жолға қойды ма деп ойлаймын". Алғаш рет Елена Әбдіхалықованың жеке өмірі туралы айтылды

"Өзін екінші жолға қойды ма деп ойлаймын". Алғаш рет Елена Әбдіхалықованың жеке өмірі туралы айтылды
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал композитор, әнші Елена Әбдіхалықова "Алғашқы" бағдарламасында жеке өмірі туралы сыр шертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында өнер иесі бауырларының балаларына өз балаларындай қарағаны айтылды.

"Бауырлары бірінен бірі қайтыс болып, "солардың балалары, солардың қыздарына қалай көмектесемін, қалай жақсылық жасаймын" деп өзін ұмытып кетті ме, екінші жолға қойды ма деп ойлаймын. Шешем де армандап кетті. Бір-екі рет айттым, "қалауыңды тап" дегенде, "менің жан дүниемді түсінбейді" деді", - дейді өнер иесінің әпкесі Тания Әбдіхалықова. 

Елена Әбдіхалықова да бар сырын сол балаларына айтатынын жеткізді.

"Оны (анасының арманын неге орындай алмай жүргенін - еск.) Құдайдан сұрау керек шығар. Жер бетінде 7 миллиард адам бар. Адамның басы - Алланың добы, бәрін Құдай қосады. Бауырларымның балалары - менің балам, көпбалалы анаға жатамын деп ойлаймын, солармен сырласамын", - деді өнер иесі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова