Дәрігерлер қыста қарды күрекпен тазалаудың денсаулыққа зияны туралы айтты

Үйінің алдында ауласы бар адамдар қыста қар тазалап әлекке түседі. Дәрігерлер қыста денсаулыққа зиян тимес үшін жылы киініп қана қоймай, қар тазалау кезінде асықпауды да ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Центральная служба новостей-ге" сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, адамдар жолды қардан тазалаудың денсаулыққа тигізер зияны бар екенін біле бермейді.  

"Қыста қар тазалау секілді белсенділік жүрекке қосымша күш түсіреді. Жүрегі ауыратын адамдар мұндай жұмыс істемегені абзал", - деді дәрігерлер.

Күрекпен қар тазалаған кезде жүрек қан тамырларына физиологиялық және психологиялық жүктеме түседі. Ал сыртта ауа температурасы төмен, суық болса, қан тамырлар тарылып, қан қысымы көтеріледі. Кейбір адамдар шаршағанына қарамастан, қар тазалауды жалғастыра береді, бұл қауіпті.

"Егер сіз физикалық тұрғыдан белсенді болмасаңыз, оған қоса жүрегіңіз ауыратын болса, қолға күрек алып ауыр жұмыс істемес бұрын дәрігер кеңесін алу керек", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, қарды темекі шегіп жүріп, тамақтанғаннан немесе бір шыны күшті кофе ішкеннен кейін бірден тазаламау керек, өйткені бұл жүрекке қосымша күш түсіреді. Осы себепті дәрігерлер күрекпен қар тазалау кезінде көп су ішіп, асықпай, үзіліс жасауды ұсынды. 

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер "қыста бас киімсіз жүру менингитке шалдығу қаупін арттыра ма?" деген сұраққа жауап берген болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Емханаға қалай тіркелуге болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!