"Соңғы кездесу деп кім ойлаған". Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбеков туралы әсерлі жазба жариялады

Фото: Видео кадры

Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбековті еске алып, жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған, иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз, қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді, қазақ әншісі ретінде де өз тыңдармандарының алғысын алды, үш жылдан бері Құдалар болып талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді, отбасыңыз жақсы болды, Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз, үй салып, ағаш ектіңіз. Артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін, иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын", - деп жазған ол. 

Еске салайық, 25 қарашада "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өткен еді. 

Ақжол Мейірбеков - "Дос-Мұқасан" ансамблінің құрамында әнші болып, Бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысып, лауреаты атанған.

Кейіннен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінің әншісі болды. 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

Бірнеше медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек