Тәттіні көп жейтініңізді көрсететін 5 белгі

Тәттіні көп жейтініңізді көрсететін 5 белгі
Фото: pixabay.com

Көпшілік адам қантты жақсы көреді. Әрине, кейде ауыр күннен соң кешкісін бір балмұздақ жесеңіз немесе қонаққа барғанда торт жесеңіз, ештеңе етпейді. Алайда үнемі тәтті тағамдар жеу ағзаңызға айтарлықтай зиян келтіреді. Төмендегі белгілер арқылы тәттіні көп жейтініңізді түсінуге болады. Өзіңізді тексеріп көріңіз!

Үнемі тәтті бірдеңе жегіңіз келеді

Қантты көп жеген сайын тәттіге деген құштарлығыңыз арта береді. Қант тәуелділік тудырады.

Энергия өзгерісін байқайсыз

Қандағы қант деңгейінің артып кетуінің тағы бір белгісі – энергия деңгейінің құбылмалдылығы. Біресе өте белсенді, біресе өзіңізді қатты шаршаңқы сезінесіз. Сондықтан көбірек ақуыз бен күрделі көмірсулар жеуге тырысыңыз, олар сізге күш береді.

Тамақ жей бергіңіз келеді

Қанттың көп болуы тәбетті азайтатын және энергия шығынын арттыратын гормон - лептиннің өңделуіне әсер етеді. Ол аз бөліне бастайды, соның салдарынан жылдам қарныңыз ашады.

Ұйқышыл болып жүресіз

Тәтті тағамнан соң ұйқыңыз келсе таңғалмаңыз. Құрамында қанты көп өнімдердің гликемиялық индексі жоғары. Тәттіні көп жеу ұйқы проблемасына әкеледі. Оған гормондар кінәлі.

Безеу жиі шығады

Тәттіден шынымен де безеу пайда болады. Тәтті тағамдарды көп жесеңіз, тері жағдайы нашарлайды және коллаген бөлінуі азаяды. Қантты көп тұтынғанда ағза қышқылданады, ал қышқыл ортада безеу пайда болады.

Оқи отырыңыз: Тәттіге деген тәуелділіктен қалай арыламыз?

А. Жапатова