Бес уақыт намазды оқымай, тек бір уақыт намаз оқуға бола ма?

Бес уақыт намазды оқымай, тек бір уақыт намаз оқуға бола ма?
Фото: ru.freepik.com

Бес уақыт намазды оқымай, тек бір уақыт намаз оқуға бола ма? Бұл сұраққа "Жауабы бар" бағдарламасында Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Ерғали Байділдаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман намаз оқуды үйреніп кеткенше оны бір уақыт оқуға болатынын айтты.

"Жалпы бұл әрбір мұсылман адамға парыз. Сондықтан кейбір кісілер бастапқы уақытта, мысалы, намазды енді бастап жатырса, үйреніп алу үшін бір уақыт намаздан бастаса да болады. Белгілі бір намазды үйреніп, қандай дұғалар айтылады және қандай сүрелер оқылатынын біліп алған жөн. Ал егер бұрын-соңды оқып-білетін адам болса, ол кісіге толық бес уақыт намазды оқыған дұрыс. Оқу керек. Оқу - парыз. Мысалы, үйдің төрт қабырғасы және шатыры болады. Ал егер тек бір қабырғасы тұрса, бізге мұндай үй жылу бермейді және т.б. Сол секілді намазды да толыққанды бес уақыт оқитын болсақ, намаздың пайдасы болады және парыздығы да мойнымыздан түседі.

Бұл жайлы Пайғамбарымыздың хадисінде де кездеседі. Бір кісі Пайғамбарымыздан ислам жайлы сұрап келген кезде ол ислам адамға бес уақыт намазды толық оқуға бұйырады дейді. Бұл бес уақыт намаздан басқа менің міндеттерім мен парыздарым бар ма деп сұраған кезде, ол жоқ деп айтады. Енді шамаң келсе, нәпіл намаздарын оқы дейді.

Сондықтан бізге, әрбір мұсылманға бес уақыт намазын толық оқу міндет", - дейді Ерғали Байділдаев.

Оқи отырыңыз: Бірдеңе жоғалтып алсаңыз, "жарайды, садақа" деу дұрыс па?

А. Жапатова