"Бізге зиянын тигізіп жатыр". Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманға деген ренішін айтты

"Бізге зиянын тигізіп жатыр".  Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманға деген ренішін айтты
Фото: Фотоскрин

Айтыскер ақын Балғынбек Имашов Жүрсін Ерманға реніші барын  "Talklike" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Жүрсін Ерман айтысқа қатыспаған кезінде түрлі тақырыпта сұхбат беріп жібереді.

"Біз айтысқа бармаған кезде Жүрсін Ерман "мыналардың бәрі дінге кетіп қалды","домбыра харам" деп айтты деп сұхбат бере салады. Оның өзінің тактикасы сондай. Мысалы, айтысқа демеуші іздеп, кәсіпкерге барады. Кәсіпкер ойланайын десе, келесі күні сұхбатта "демеушіміз осы кісі" деп айтып жібереді. Кәсіпкер "аға, сізге ойланайын" дедім ғой деп хабарласса, "ойбу, онда бермейтін болды деп кері сұхбат берейін" дейді. Сосын ана кәсіпкер "керек емес" дейді. Тура бізде де солай", - деді ол.

Айтыскер ақын сол сұхбаттардың себебінен зиян шеккенін айтты.

"Енесі тепкен құлынның еті ауырмас" дейді ғой. Ол кісінің сөздерін көңілге алмай жүретінбіз. Сондай сұхбаттары бізге зиян беріп жатыр. Ылғи мен, Жандарбек, Айнұр, Сара төртеумізді айтады", - деді ол.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы