Психолог өзіне сенімді баланы тәрбилеудің 5 әдісін ұсынды

Психолог өзіне сенімді баланы тәрбилеудің 5 әдісін ұсынды
Фото: pixabay.com

Балада есейген кезде өзін-өзі бағалауымен проблема болуына немесе болмауына көбіне ата-анасының әрекеті әсер етеді. Біздің көпшілік проблемаларымыз, соның ішінде өзін-өзі бағалауымыз да балалық шақтан шығады. Оған ата-ананы кінәлаудың қажеті жоқ: олар да қарапайым адамдар және олар әркез қалай дұрыс әрекет ету керегін біле бермейді.

Алайда заманауи ата-аналарды жиі "баламның өзі-өзі бағалауы дұрыс болуы үшін не істеуге болады" деген сұрақ мазалайды. Осы тақырыпта психолог Михаил Лабковский өзінің телеграм-каналында бірнеше пайдалы кеңес берді.

Егер балаңыздың өзіне сенімді адам болып өсуіне көмектескіңіз келсе, ең алдымен өз-өзіңізді бағалауыңызды реттеңіз. Себебі бала ересектерден үлгі алады.

Сондай-ақ балаңызға таңдау жасауды үйретіңіз. Ол не кигісі, бос уақытында немен айналысқысы және қандай хоббимен шұғылданғысы келетінін анықтай білуі керек. Ол бала өз талғамы мен қызығушылықтарын түсінуі керек.

Балаңыз бірдеңені істей алмай қалса, оған не деу керек? Психолог Михаил Лабковский жиі "әзірге" сөзін қолдануға кеңес береді. Мысалы, жай ғана "жасай алмадың ба, ештеңе етпейді" деудің орнына "әзірге жасай алмадың" деңіз. Бұл әдіс балаға сәтсіздіктердің қалыпты нәрсе екенін, алайда жаңа нәрсені үйренуді және қалаған нәтижеге жетуге тырысуды тоқтатпау керегін түсінуге көмектеседі.

Тағы бір маңызды кеңес – баланың жетістіктерінің бар-жоғына қарамастан оған махаббатыңыз бен жылулығыңызды ашық түрде көрсетуді әдетке айналдыру. Бала сізден жылы сөздер есту үшін сабақтан бестік баға алуым керек деп ойламауы керек. Ең дұрысы, баға мен ата-ана назарының арасында берік байланыс болмағаны жақсы.

Маман сондай-ақ балаға "сен ең әдемі және ең жақсы баласың" деудің орнына "сен ерекшесің, мен сені қалай барсың, солай жақсы көремін" деп айтуға кеңес берді.

Психологтар өзін-өзі бағалауға немқұрайлы қарамау керегін айтты. Себебі өзін-өзі бағалау тек адамның табысты болуына ғана емес, сондай-ақ ішкі жан-тыныштығына да әсер етеді.

Оқи отырыңыз: Өзіне сенімсіз әйелдің 5 белгісі

А. Жапатова