"Қыздар тегін алғысы келді". Талғат Жорабаев Алтынай Жорабаеваның қазіргі күйеуі туралы айтты

Әнші Талғат Жорабаев әпкесі Алтынай Жорабаеваның күйеуі туралы айтты. Бұл туралы ол "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, жездесі көп адамның қолынан келмейтін істі істеп отыр.

"Өткенде Алтынай "негізгі машинаны алып берген Әлішер болатын" деп құпиясын ашты ғой. Әлішер "машина алып беремін" деген кезде "жоқ, қой" дегенмін, "жоқ, аласың" деді. Әлішермен жақсы тіл табысып (кеттік - еск.). Қазір үлгі боларлықтай отбасы деп есептеймін. Алтынайға кейбір кезде мойындаймын. Мен өзім еркек болсам да төрт баласы бар келіншекті ала алмас едім. Әлішер сол жағынан еркек. Еркектің істей алмаған нәрсесін істеп отыр. Сол үшін қатты сыйлаймын, жақсы көремін", - дейді Талғат Жорабаев.

Сондай-ақ, өнер иесі жездесі әпкесімен кездеспей тұрып-ақ кәсіп саласында жүргенін жеткізді.

"Үйленбеген. Солтүстік жақтың адамдары орыс мінезді келеді, бизнес жасаймын, інілерімді бағамын-қағамын деп жүрген кезде біраз уақыты қалай өткенін білмей қалған. "Үйленсей" дегенде Алтынайды кездестіріп қалады. Екеуі тіл табысып, әке-шешеміздің алдынан өтті", - деді ол.

Әншінің айтуынша, жиендері әпкесінің қазіргі күйеуінің тегін алғысы келген.

"Тегін аламыз деп оқталды. Алтынай "қой, бәрібір тегін алғанмен, Алланың алдына барғанда әкелерің ана кісі болғаннан кейін ұят болады" деді. Қыздар құжат жүзінде тегін алмаса да, әлеуметтік желілерде Әлішердің тегіне өзгертіп тастаған. Өздері біледі", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!