"Ағайындылар сияқты болып кеттік". Бекболат Тілеухан Ердоғанның ұлымен қалай танысқанын айтты

Экс-депутат, Бүкіләлемдік этно-спорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоғанмен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бөлісті. 

"Мен ұлттық спортты басқарып отырдым, ол Түркиядағы ұлттық спортты басқарды. Кейін конфедерация ашылды, EXPO-ның қарсаңында Біләл Ердоғанды Қазақстанға шақырдым, сол кезде келді. Біздегі ұлттық спорттың дасуына тәнті болды. Көзін жұмып, аузын ашты. Біздегі жүйеге, мемлекеттің қамқорлығына. Сонымен сөзіміз, әңгімеміз жарасты. Ердоған сияқты тұлғаның ұлы бола тұра, сонша қарапайым. Ағайындылар сияқты болып кеттік. Кейін Түркияға емделіп келемін дегенде өзіне шақырды. Жасым үлкен, кейбір жерлерден тәжірибемді бағалаған шығар, жұмысқа шақырған кезде қуана-қуана келістім", - дейді ол. 

Экс-депутат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлымен араласпайтынын, қазір Түркияда тұратын Бауыржан Байбекпен те кездеспегенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Бекболат Тілеухан табысы туралы айтқан еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!