Дерматит пен қатерлі ісікті ынталандыруы мүмкін: дәрігерлер тері күтіміндегі қателіктерді атады

Дерматит пен қатерлі ісікті ынталандыруы мүмкін: дәрігерлер тері күтіміндегі қателіктерді атады
Фото: pixabay.com

Американдық дерматологтар бірнеше ауруды, соның ішінде дерматит пен меланоманы ынталандыруы мүмкін тері күтіміндегі негізгі қателіктерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta-ға сілтеме жасап.

Американдық дерматолог Сара Могаддам кей адамдар лазерлік эпиляция мен микронидлинг (аздап тесу арқылы тері жағдайын жақсартатын аз инвазивті әдіс) процедураларын ғаламтордағы нұсқамаға қарап үйде жасауға тырысатынын айтты.

"Бұл тері зақымына және дерматитке әкелуі мүмкін. Оған қоса, процедураны дұрыс орындамағандықтан пайда болған эпидермис бетіндегі кішкентай зақымдар терінің бактериялық жұқпалар жұқтырып алу қаупін арттырады", - дейді Сара Могаддам.

Маманның айтуынша, келесі қауіпті қателікке күннен қорғайтын құралдарды елемеуді жатқызуға болады. Күннің астында жүру - қатерлі меланоманың даму қаупінің және терінің қабыну реакцияларының негізгі факторы.

Сондай-ақ, көпшілік адам дәрігер кеңесінсіз тері жағдайын жақсарту үшін түрлі тағамдық қоспалар мен дәрумендер ішеді. Дерматолог кей ББҚ-лар дерматит, безеу, қатерлі ісіктің пайда болу және шаш түсуінің жоғары мүмкіндігімен байланысты екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: Терапевт неліктен "БАД"-ты дәрігер кеңесінсіз ішуге болмайтынын айтты

А. Жапатова