"Неге бәрінде ене кінәлі болуы керек?" Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді

"Неге бәрінде ене кінәлі болуы керек?" Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді
Фото: әлеуметтік желі

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның оқырмандарының бірі неге Жұлдыз жайлы мүлде сөз қозғамайтынын сұрапты.

"Сторис салып жатырсыз, барлығын көріп, тойда жүргендей тамашаладық. Бірақ бәрі шынайы болу керек сияқты отбасы жайлы айтқанда. Неге үлкен құдаларыңыз, үлкен келініңіз Жұлдыз жайлы айтпайсыз? Ол да бір отбасылық тәжірибе ғой. Айта отырыңыз", - депті продюсердің оқырманы.

Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, үнемі келіндеріне бар жағдайды жасап қояды екен.

"Неге оның бәрінде ене кінәлі болуы керек? Екі ортада шыбын өледі демекші, бәні тек маған байланысты бола берді ғой. Әр адамның өзі, басы жеткенінше жасайды. Жоқ әлде Гүлекең күн бермейді екен, не болмаса аузын ашып ұрысыпты дегенді есіттіңіз бе? Нұреке маған бір-ақ айып тағады, ол айыбым - келіндерге қатты жағдай жасап қоямын, мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын, түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып шарқ ұрып жүргенімде, қыдыруға жіберіп, еш мазаларын алмай, клининг компаниясын шақырып, үй жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, бізбен жақын араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз, сізді мазалаған сол болса", - деп жауап берді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова