Ең мейірімді енелердің жұлдызнама белгісі аталды

Астрологтар тек екі жұлдызнама белгісінің өкілдерінде мінсіз ене болуға көмектесетін қасиеттер бар деп санайды. Мұндай әйелдер өте мейірімді, дана және әрдайым келінін қалай қолдау керегін біледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Unian-ға сілтеме жасап.

Торпақ

Астрологтардың ойынша, Торпақ-әйелдер - сезімтал және балаларын қатты жақсы көретін аналар. Олардың балалары үйленген кезде олар келіндеріне үнемі жақсы қарайды. Бұл жұлдыз белгісінің өкілдері барынша әдепті, олар басқалардың шекарасын құрметтейді.

Оған қоса, Торпақ-әйел немерелерін қатты жақсы көреді. Ол әрқашан бала күтуге көмектеседі және сіз өтінгенде, ол ешқашан баламен отыра тұрудан бас тартпайды.

Тауешкі

Тауешкі-әйел әрқашан отбасыны бірінші орынға қояды. Олар әрқашан балаларына қамқор болады. Мұндай ене келінін өз қызындай жақсы көретін болады. Ол ешқашан сізді сұрақтарымен мазаламайды, бірақ проблемаңызбен бөліскіңіз келсе, сізді әркез тыңдайды.

Астрологтардың ойынша, Тауешкі-әйелдер назарды жақсы көреді. Олар баласын және келінін жиі көргісі келеді, бірақ оны білдірмейді және ешқашан "жабыспайды". Мұндай енеге қонаққа жиі барып тұрыңыз, ол әрдайым қуанып қарсы алады және сіздерге құнды кеңесімен көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Жұлдыз белгісі бойынша кімдер ең жақсы ата-ана болады?