"Әкесі дүниеден озғаннан кейін жария қылған жоқ". Айгүл Иманбаева келін түсірді

"Әкесі дүниеден озғаннан кейін жария қылған жоқ". Айгүл Иманбаева келін түсірді
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өнердегі әріптесі, құрбысы Айгүл Иманбаеваның отбасындағы қуанышты жаңалық туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы "Қызықты Weekend" бағдарламасында әңгімеледі. 

"Қыздармен араласып-құраласып тұрамыз. Бұрынғыдай емес әркімнің өзінің жұмысы бар. Уақыт тапшы. ...Хабардармын (отбасындағы жағымды жаңалықтан - еск.). Келін алды (Айгүл Иманбаева - еск.). Әкесі дүниеден озғаннан кейін жария қылған жоқ. Тойдың бәрі алда. Сіңілімдей болып кеткен. Кішкентайымыздан ата-аналарымыз араласты, бірге оқығанбыз", - деді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова