Қант диабетін аяқтағы қандай белгілерге қарап білуге болады?

Қант диабеті - бұл жүйке жасушаларының тамырлы қабырғасы мен қабығының зақымдалуына әкелетін ауыр ауру. Ғалымдар өмірге қауіп төніп тұрғанын көрсететін сіз күтпеген белгілер тізімін жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қант диабетінде перифериялық жүйке зардап шегеді. Бұл ауырсыну, ұю, қызу және шаншу секілді жағымсыз сезіммен көрінуі мүмкін. Ең алдымен, аяқ-қол, әсіресе аяқтар зардап шегеді.

Бұл белгілер кенеттен пайда болып, жеткілікті түрде айқын болуы мүмкін, бұл адамның өмір сүру сапасын едәуір төмендетеді, қозғалу кезінде қиындық, қатты ауырсыну, нашар көңіл-күй мен әлеуметтік бейімдікті тудырады.

Айта кетейік, қант диабетінің алғашқы қарапайым белгілері - үнемі шөлдеу, қатты аштық, жиі зәр шығару.

Еске салайық, бұған дейін тырнағыңыздағы бұл өзгеріс қант диабеті туралы ескертуі мүмкін екені хабарланған болатын. 

Мамандардың айтуынша, тырнақтардағы кез келген өзгеріске мұқият назар аудару қажет. Сонымен қатар, егер тырнақтар ақ, сарғыш немесе жасыл түске ие болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Оған қоса тырнағыңыздың ұшы қалың болса, бұл да ауруды ескертуі мүмкін, ол біртіндеп бүкіл пластинаға таралады. Тырнақтардың сынғыштығын да дабыл деп қабылдағаныңыз абзал.

Тағы да оқи отырыңыздар: Құдағи жүзік деген не? Оны кім тағады? 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!