"Төсекке аунаған" Гүлзира Айдарбекова мен Нұртас Айдарбеков қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекованың "төсекке аунаған" видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кенже ұлдары Заңғарды үйлендіріп, келін түсіріп жатқан олардың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді деген осы ғой", "Негізі мұндай салт жоқ еді, бірақ ақша не істетпейді дейсің", "Білгенін істеп жатыр", "Не болса соны шығарады", - дейді олар.

@naimankaa077 #рек ♬ оригинальный звук - Мухитова ?

Айта кетейік, бұған дейін этнограф Болат Бопайұлы Massaget.kz тілшісіне жауап беріп, бұл салт қазақта бұрыннан бар екенін айтып, оның егжей-тегжейін түсіндірді.

"Бұрын қазақтың қыз ұзату, келін түсіру салты мен дәстүрінде келген құда-құдағиды күтіп, жатарда "Көрпе жабар" деген әзілді дәстүрі болған. Оны құдағилар өтейтін. Оған төсекке жатқан құда мен құдағи сыйлық берген. Бұл салт үйдің берекесі кетпей, қыз жақ әкелген жастықта қартайып, екі жас осы кісілер сияқты ғұмырлы-бақытты болсын деген мағынамен жасалады", - дейді Болат Бопайұлы.

Болат Бопайұлы қазір бұл дәстүрдің дүйім жұрттың көзінше жасалуына қатысты да пікір білдірді.

"Ұят, дұрыс, жақсы көрініс емес. Мұны тойханада өткізудің, үгіттеудің қажеті жоқ. Жастарға беретін ешқандай үлгі-өнегесі жоқ. Ол жеке отбасында ғана атқарылатын ырымды дәстүр. Арысын айтсақ ол дарақылық", - деп ойын білдірді ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!