"Сақинаға ақшам жоқ" дедім". Әли Оқапов жұбайына ұсыныс жасаған кездегі қызық оқиғаны айтты

Әнші Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсыныс жасарда жүзік алуға ақшасы болмағанын айтты. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, жарына ұсыныс жасаған кезде сыйлаған жүзігін анасынан алған.

"Анама үйленетінімді айттым. "Карантин бір кезде бітеді ғой" дедім. Анам "түсіндім, не қажет?" деді. "Қазір сақинаға ақшам жоқ. Ұсыныс жасауға сақина керек" дедім. Бәрін кереуетке жайып тастап, "таңда" деді. Ондайдан хабарым да жоқ. Бастысы алтын таңдамадым. Бәрі алтын жүзік болды, ішінен алтыннан жасалмаған жүзікті таңдап алдым. Ол ақ алтын болды, күміс деп ойладым. Роза Рымбаеваға қандай жүзіктер сыйлыққа берілетінін білсеңіз?! Ал мен ең қарапайымын, әдемісін таңдадым. Кейін үш апта ұсыныс жасайтын сәтті таңдай алмай жүрдім", - деп еске алды әнші.

Айта кетейік, әнші Әли Оқаповтың жары да өнерден алыс емес. Оның есімі - Ақерке Бүркітбай, Асыл тобының мүшесі. Қазірлі өнерлі жұптың Зейін есімді ұлы бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!