"Түнімен ұйықтай алмадым". Роза Рымбаева ұлына айтылған сынға қатысты пікір білдірді

"Түнімен ұйықтай алмадым". Роза Рымбаева ұлына айтылған сынға қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com

Танымал әнші Әли Оқапов қоғамдағы даулы пікірлерден кейін барлық марапатынан бас тартатынын айтқан еді. Роза Рымбаева Динара Сәтжанға бергенде сұхбатында осы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Роза Рымбаева бұл жағдайды бірнеше күн өткен соң ғана біліпті. 

"Тәңірбергенді ғана оқыдым, қалғандарын оқымадым. Біріншіден, бұл туралы үшінші күні ғана білдім. Басында ұлыма орден бергенін ғана білдім, таңғалдым. Instagram-да отырмаймын, жағымсыз бағдарламаларды қарамаймын. Сол күндері қолым да бос емес еді, жұмыста болдым. Әли бәрінен бас тартатыны туралы видеосынан кейін ғана кешке білдім. Сонша әңгіме болғанын да сол кезде білдім. Мәдиге де өте ауыр болды, өзі үшін емес, ағасына уайымдады. Мен түнімен ұйықтай алмадым. Жылауым керек пе немесе балаларға әлсіздігімді көрсетпеу үшін өзімді ұстауым керек пе, білмедім. Орден біздің, ұстанымдарымызды, кәсібилігімізді ешқашан өзгерте алмайды. ...Балаларым да бірінші сыныптан бастап музыкалық мектепте оқыған. 18 жыл оқыды. Балаларым кәсіби білім алған. Бұл жағынан жаным тыныш", - дейді әнші.

Өнер иесі көпшілік ұлының шығармашылық қырын біле бермейтінін айтты.

"Балаларым сахнаға шыққаннан бері осындай нәрсе болды. "Роза Рымбаеваның балалары ғой, әрине, Роза Рымбаеваның арқасында көтерілді" деген қарым-қатынас болды. Бірақ олар музыкант ретінде менен де білімді. Өйткені мен мамандығым бойынша кино және театр актерімін, олар - музыкант. Екіншіден, көпшілік Әлидің кәсібилігін, жұмысын біле бермейді. Әлидің бір бөлме тола марапаты болды, қаншама музыкалық жобалар, байқаулар, шоулар, қаншама ән жазды. Бұл туралы жарнама жасамаймыз. Бұл - біздің кәсіби өміріміз. Кәсіби орта Әлидің деңгейін, музыкасын біледі. ...Мәдениет министрлігі де осыны бағалады. Әлидің еліміздің музыкалық жағынан дамуына, эстраданың дамуына үлесін (бағалады - еск.). Мәдениет министрлігі осы еңбектерін біле отырып, талантты жас әртістердің тізіміне қосқан. Олар Әлидің жетістіктерін, еңбегін қарап таңдаған", - дейді Роза Рымбаева.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова