"Зиян тамақтар жегісі келу, ұйқы проблемасы". Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромы деген не?

"Зиян тамақтар жегісі келу, ұйқы проблемасы". Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромы деген не?
Фото: ru.freepik.com

Бүйек үсті бездерінің шаршау синдромы жалпыға ортақ қабылданған медициналық диагноз болмаса да, қазір ол жайлы жиі айтылады. Себебі әртүрлі сала мамандары неліктен қазір көпшілік адам депрессиямен және нашар эмоциялық күймен қиналатынын сол арқылы түсіндіргісі келеді. Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромы деген не және бұл бездердің саулығын қалай сақтауға болады?

Бүйрек үсті бездері жайлы не білу керек?

Бүйрек үсті бездері – бұл гормондар мен биологиялық белсенді заттар бөлетін қос эндокринді без. Әр без бүйректің дәл үстінде орналасқан және олар ми затынан және қабатынан тұрады.

Бүйрек үсті бездері гормондардың бірнеше түрін, соның ішінде адреналин, андроген, эстроген, альдостерон бөледі.

Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромы деген не?

"Бүйрек үсті бездерінің шаршау" терминін алғаш рет 1998 жылы философиялық ғылымдар докторы және балама медицина сарапшысы Джеймс Уилсон қолданды. Бүйрек үсті бездері синдромының бар екені жайлы сенімінің негізінде бүйрек үсті бездері күйзеліс гормоны – кортизолды бөлетіні жатыр.

Ұзақ уақыт бойы күйзелісте болу бүйрек үсті бездерін ұзаққа дейін кортизол мен адреналин бөлуге мәжбүрлейді. Соның салдарынан қан қысымы және жүрек жиырылуының жиілігі артады.

Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромы қалай байқалады?

Егер адам қатты күйзелісте болса, оның бүйрек үсті бездері өзінің қызметін орындай алмайды. Соның себебінен гормондар өте көп немесе өте аз бөліне бастайды. Ал ол депрессияның пайда болуына, жүйке жүйесі мен ми жұмысының нашарлауына әкеледі. Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромының пайда болу белгілеріне мыналарды жатқызады:

  • Зейін қоюмен қиындықтардың пайда болуы;
  • Дененің сырқырап ауыруы;
  • Гормонды тепе-теңсіздік;
  • Зиян тамақтар жегісі келу;
  • Бұлшықеттер әлсіздігі;
  • Ұйқы проблемалары.

Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромының алғашқы белгілеріне сондай-ақ шаштың түсуі, бірден салмақ қосып алу, барлық нәрсеге бейжай қарау жатады.

Сонымен қатар егер бүйрек үсті бездері өз қызметін дұрыс атқармаса, басқа да органдар қиналады. Соның ішінде жүрекке көп күш түседі және ұйқы безі қабынып кетуі мүмкін.

Бүйрек үсті бездерінің жұмысын қалай қалыпта ұстауға болады?

Бүйрек үсті бездерінің шаршау синдромы медициналық диагноз болмаса да, ұзақ күйзелісте болу бүйрек үсті бездерінің жағдайын айтарлықтай нашарлатып жіберуі мүмкін. Сондықтан кортизол гормонының деңгейін қалай түсіруге болатынын және бездер саулығын қалай қалыпта ұстау керегін білген жөн.

Бүйрек үсті бездерінің саулығы мен олардың қызметін сақтауға көмектесетін бірнеше кеңес ұсынамыз:

Ұйқыны қандырыңыз. Ұйқының жетіспеуі бүйрек үсті бездерінің жағдайына әсер етеді және созылмалы депрессия дамуының себебі болуы мүмкін. Сондықтан ұйқы режимін реттеңіз.

Рационыңызға асқабақ қосыңыз. Бұл пайдалы көкөніс. Бүйрек үсті бездерінің жұмысын жақсартқысы келетіндерге асқабақ дәнегін жеу пайдалы. Асқабақ дәнегінің құрамында мырыш, магний, В тобының дәрумендері мен омега-6 майлы қышқылдары бар. Олар эндокринді бездердің жұмысын қалыпта ұстауға көмектеседі.

Ерітілген май қолданыңыз. Рационға қосу керек тағы бір өнім – ерітілген май. Оның құрамында бүйрек үсті бездері өз қызметін жақсы орындау үшін қажет сүт ақуызы мен казеин бар. Табиғи ерітілген май сондай-ақ мырыш, калий және темірге бай.

Жеткілікті мөлшерде су ішіңіз. Ағзада судың жетіспеушілігі бүйрек үсті бездері жұмысының нашарлауына әкелуі мүмкін. Ағза гормондарды қиын бөледі, сондықтан зат алмасу бұзылады, асқорыту проблемалары пайда болады және басқа да органдар жұмысы нашарлайды.

Кофеин мөлшерін азайтыңыз

Егер күнде кофе мен энергетикалық сусындарды көп ішсеңіз, бүйрек үсті бездерінің жағдайы айтарлықтай нашарлайды. Сонымен бірге әлсіздік, мазасыздық, ұйқы проблемалары және көңіл күй құбылмалдылығы пайда болады.

Тәттіні аз жеуге тырысыңыз. Қант пен жеңіл көмірсулар ағзаға нашар әсер етеді. Ол ағзаға түсіп, глюкоза мен инсулиннің бірден артуын ынталандырады. Ал ол бүйрек үсті бездерінің жағдайына нашар әсер етеді.

Оқи отырыңыз: Нутрициолог шайға тәуелділіктен арылу үшін не істеу керегін айтты

А. Жапатова