"Үнемі театрда жүреді екен". Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасы Заңғар Нұртастың қуанышына бармаған

Әнші Қайрат Нұртас інісі Заңғар Нұртастың қуанышына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Заңғаржан, Индира құлыным, той құтты болсын! Бақытты болыңыздар! Құдалық мың жылдық болсын! Мен сіздерді жақсы көремін. Қуаныш құтты болсын тағы да!", - деді Қайрат Нұртас келінінің ұзату тойында.

Ол осыдан кейін бірнеше ән айтқан, көпшілік онымен суретке түсіп, оның орындаған әніне інісі мен келіні вальс билеген.

Ал тойда Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова мен оның ата-анасы көрінбейді. Бұл туралы Желі қолданушылары жазып жатыр.

Мұндай пікірлерді Жұлдыз Әбдукәрімованың да және оның енесі Гүлзира Айдарбекованың да Instagram-дағы кейінгі жазбаларынан көптеп кездестіруге болады.

Гүлзира Айдарбекованың Instagram-дағы ұлының тойынан жариялаған видеоларына оқырмандары "Жұлдыздың ата-анасы жоқ, оны шақырмайсыз ба?", "Жұлдызды іздедім тойдан, қайда екен?",  "Жұлдыз көрінбейді. Қайрат келді", "Жұлдыз үнемі Заңғар үйленгенде театрда жүреді екен да", "Тұңғыш құдаларыңызбен араласпайсыз ба, сізге Жұлдыздай қызын тәрбиелеп берген", "Жұлдыздың жүретін жері ғой бүкіл жұмысын ысырып", "Жұлдызды обал" деп пікір жазған.

Ал Жұлдыз Әбдукәрімова бұл уақытта Астанадан Алматыға ұшып бара жатқан сәтінен видео жүктеп, Алматыға ұзақ іссапары басталғанын, үлкен жобаны қолға алғанын жазған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!