Суды жағымсыз иістен қалай тазартамыз? Маман 3 әдісті ұсынды

Үлкен қалаларда да, ауылдарда да су сапасы нашар. Адам сусыз өмір сүре алмайды. Неліктен кейде судан жағымсыз дәм шығып тұрады және суды қалай тазартуға болады? Бұл сұрақтарға токсиколог Михаил Кутушов "Доктор Питер" порталына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, үйіңіздегі судан жағымсыз иіс пен дәм шығуының бірнеше себебі бар. Мысалы, ол тазартушы және суөткізгіш жүйеде хлордың өте көп болуынан пайда болуы мүмкін. Оған қоса, егер сіз ескі тұрғын үйде тұрсаңыз, құбырларыңыз суға тот пен басқа да металл қоспалардың түсуіне ықпал етуі мүмкін.

Сонымен қатар суда магний мен кальций өте көп болуы мүмкін, соның салдарынан су қатты бола түсіп, одан біртүрлі дәм шығуы мүмкін.

Маман суды ішуге қауіпсіз ету үшін мына әдістерді пайдалануға болатынын айтты:

Суды залалсыздандыратын және оны микроағзалардан арылтатын қарапайым және қолжетімді әдістің бірі – суды қайнату.

Суды қайнатқан кезде не болады? Жоғары температуралар көпшілік патогенді микроағзаны өлтіреді. Сондай-ақ бұл әдіс кей химиялық ластықты, мысалы, хлор және басқа да ауыр металдарды жоюға мүмкіндік береді.

Үйіңіздегі суды жақсарта түсетін тағы бір әдіс – суға цитрусты жемістер салу. Лимон немесе лайм жағымсыз дәмді кетіріп, суға ерекше дәм береді.

Сондай-ақ белсендірілген көмір қолдануға болады: оны суы бар ыдысқа салып, бірнеше сағатқа қалдырыңыз. Белсендірілген көмір қоспаларды жұтып алады және суды жақсартады.

Егер бұл әдістердің ешқайсысы көмектеспесе, бөтелкедегі суға көшкен жөн.

Оқи отырыңыз: Күніне 2 литр су ішу дұрыс па?