Құрма ағзаңызға пайдалы болу үшін оны қалай жеу керек?

Құрма ағзаңызға пайдалы болу үшін оны қалай жеу керек?
Фото: pixabay.com

Құрма жемісінде А, В, С секілді дәрумендер және өзге де пайдалы заттар көп. Ол әсіресе күз мезгілінде аса пайдалы: иммунитетті көтеріп, ағзаны зиянды инфекциядан қорғап, жүйке жүйесін ретке келтіреді. Алайда құрманы көп жеуге болмайды. Ол кей адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Ендеше, құрманы рационға қосарда нені ескеру керек?

Құрманың пайдасы

  • Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін жақсартады;
  • Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа келтіреді;
  • Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі;
  • Құрма – йодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда осы жемісті жеу ұсынылады;
  • Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.
  • Құрма құрамындағы моносахаридтер жүрек бұлшықеттеріне пайдалы;
  • Құрма құрамындағы "А" және "С" дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.

Құрма ағзаға қалай зиян келтіруі мүмкін?

Құрманың құрамындағы кей компоненттер жағымсыз әсер беруі мүмкін.

Ішек тарылуын тудырады

Құрма құрамындағы ерігіш таниндер асқазандағы қышқылмен әсерлесіп, фитобезоарлар түзуі мүмкін. Бұл қорытылмайтын кесектер. Олар астың өтуін қиынтадаы және жүрек айну, құсу, іш ауыруы және іш қатуды тудыруы мүмкін. Егер сізде ішек тарылуымен проблема болса, бұл жемісті көп жемеген жөн. 

Рациондағы калория мөлшерінің көп болуына әкеледі

Құрма 80% судан тұрады, бірақ оның етінің энергетикалық құндылығы 100 г-ға шамамен 70 ккал-ды құрайды. Сондай-ақ 100 г құрмада 12,5 г глюкоза мен фруктоза бар. Сондықтан 1 құрманы жеп, сіз шамамен 100 ккал аласыз: ол 2 шай қасық қантпен бірдей.

Калория мөлшері асып кетпес үшін ауызды қуыратын дәмі бар құрма таңдаңыз. Сондай-ақ оны десертке қосымша ретінде емес, оның орнына жеңіз. Күніне 3-4 құрмадан артық жемеңіз. Сол кезде құрманың тек пайдасын аласыз. Құрманы жаңғақ және басқа да майлы өсімдіктермен қосып жеген пайдалырақ. 

Құрманы кімдерге жеуге болмайды?

Құрманы қант диабетімен ауыратын және ұйқы безі қабынған (панкреатит ауруы) адамдарға жеуге болмайды. Құрманың құрамында қант пен көмірсу өте мол. Оны жеген адамның көпке дейін қарны ашпайды. Бірақ құрманың бұл қасиеті кейбір диагноздың асқынуына себеп болуы мүмкін. Тіпті, сау адамның өзіне күніне 300 г құрмадан артық тұтынбағаны жөн.

Оқи отырыңыз: Балаға құрманы неше жастан бастап беруге болады?

А. Жапатова