"Қарным ашып қалады". Жүрсін Ерман кімге ренжіп жүргенін айтты

"Қарным ашып қалады". Жүрсін Ерман кімге ренжіп жүргенін айтты
Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Ақын Жүрсін Ерман "Таңшолпан" бағдарламасында кімге ренжіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кейінгі кездері сіздң жазған өлеңдеріңіз әлеуметтік желіде, түрлі парақшада кеңінен таралып жатыр. Тыңдап отырсам өзіңіз оқыған сияқты көрінесіз, енді бір дұрыстап ден қойып тыңдасам басқа бір адам оқығанын байқаймын", - деді журналист. 

"Мен де айтайын саған, кейде өзім таңғаламын. Менің өлеңдерімді менің атымнан оқып салып жатыр жігіттер. Оған не себеп болып жатқанын өздері біледі. Менің дауысымды салатын жігіттер бар ғой, солардың дауысымен оқып жатыр. Рұқсат сұрап жатқан адам жоқ. "Өлеңдеріңізді пайдаланайық, салайық, тыңдатайық" деген. Оған ренжімеймін. Бір өкініштісі менің өлеңім емес өлеңдерді салып жатыр менің атымнан. Соған қарным ашып қалады. Ұят болмай ма? Білемін, көп өлеңдерім салынып жатқанын. Баспасөз бетінде де шығып жатыр. Оған да шүкір деп отыра береміз. Бірақ жаңағы менікі емес дүниелерді менікі етіп салғанда қарным ашып қалады", - дейді Жүрсін Ерман. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина