"Әкімнің күзетшісінің тойына да бардық". Танымал дуэт тойға тегін шықпағандары үшін жұмыстан қуылғандарын айтты

"Әкімнің күзетшісінің тойына да бардық". Танымал дуэт тойға тегін шықпағандары үшін жұмыстан қуылғандарын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Тараздан шыққан әншілер, "Әдемі-ай" дуеті "Менің өмірім" бағдарламасында тойға тегін бармағандары үшін жұмыстан қуылғандарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншілердің сөзінше, тіпті әкімнің күзетшісінің тойына тегін барған.

"10 жылдай Таразда мемлекеттік мәдениет үйінде жұмыс жасадық. Алғашқы бастығымыз ер адам болатын. Ол кісінің ешқандай кемшілігі жоқ. Жаңадан шығып жүрміз, айлығымызды аламыз, үлкен іс-шараларға барамыз, көп септігін тигізді. Кейін директор ауысты, әйел адам келді. Ол кісіге де арғы жақтан тапсырма беріледі ғой әкімдерден. Әкімнің күзетшісінің тойына барып, өлең айтатын кезіміз де болған. Сол директордың бүкіл үрім-бұтағының тойына барып шықтық. ...Жұмыстан қорыққанымыздан кіріп шығамыз. Бірақ соңында рақмет алмайсың. Сөйтіп жүріп біраз жыл еңбек еттік. Тегін тойлардың барлығына барып жүрдік. Соңына келген кезде адам атылады ғой. Басынған сайын басына береді. "Енді тегін тойға бармаймыз" дедік. Бармай қойғанның кесірінен жұмыстан қуылдық", - дейді әнші қыздар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова