"Суық тигенмен шатыстыруға болмайды". Онколог қатерлі ісіктің байқалмайтын үш симптомын атады

"Суық тигенмен шатыстыруға болмайды". Онколог қатерлі ісіктің байқалмайтын үш симптомын атады
Фото: Freepik.com

Онколог, хирург Иван Карасев онкологиялық аурулардың ерте кезеңдегі үш белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, қатерлі ісіктің даму көрінісін суық тигенмен шатастырып алуға болады. Бұл орайда жалпы әл-ауқатқа, әсіресе, әлсіздікке назар аудару маңызды.

Сонымен қатар, қатерлі ісіктің дамуын температура жоғарылауы да көрсетуі мүмкін. Алайда дене қызуы жоғарылауы ұзақ уақытқа созылмайды. Үшінші белгі - тамақ ауруы. Маманның сөзінше, әдетте суық тиген кезде көмектесетін дәрі-дәрмектер мұндай жағдайда көмектеспейді. Сондай-ақ, жазылмай жатқан жаралар, тұрақты бас ауруын елемеуге болмайды.

Маман қатерлі ісік қаупін азайту үшін темекі шегуден, алкогольді жиі тұтынудан бас тартуды, физикалық белсенділікпен көбірек айналысуды, дұрыс тамақтануды ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау үшін тапсыру керек 4 медициналық талдау туралы жазған едік.

  • Қатерлі ісіктің алдын алу үшін қандай талдау тапсыру керек?
  • Простатикалық спецификалық антиген (PSA). Бұл қан анализі негізінен 50 жастан асқан ер адамдарға тағайындалады.
  • Жатыр мойны обырының даму қаупін анықтауға арналған скрининг.
  • Ал адам папилломавирусын анықтау үшін HPV-тесті қажет, өйткені оның кейбір түрі қауіпті патологияның даму ықтималдығын арттырады.
  • Сүт безі қатерлі ісігіне генетикалық бейімділікті анықтау. Бұл әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурудың бір түріне жатады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова