Маман адамның тізесі неге ауыратынын түсіндірді

Маман адамның тізесі неге ауыратынын түсіндірді
Фото: Freepik.com

Адам белсенді болған кезінде аяқ тізесі жиі қысылып қалады. Оксфорд университетінің физиотерапия бойынша сарапшысы, профессор Карен Баркер тізенің неліктен әлсіз екенін және ауырсынуды қалай басуға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жастар үшін ыңғайсыздықтың ең көп тараған себебі - жарақат. Кареннің айтуынша, кез келген өткір, ыңғайсыз қозғалыс тізе буындарының созылуына, шеміршектің жыртылуына немесе сіңірлердің қабынуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, егер сіз жарақатты емдемесеңіз, онда аяқты бүгу кезінде ол ұзақ уақыт ауырып жүреді. Тізеде бірнеше тін шоғырланған: сүйек, бұлшықет және сіңір, олардың әрқайсысы жарақатқа осал.

Ересектерде тізедегі ауырсыну артрит басталуының белгісі болуы мүмкін. Бұл ауру көбінесе жасқа қарай дамиды. Бұл жағдайда уақыт өте буындардың ісінуі мен қаттылығы жағымсыз сезім тудырады.

Доктор Баркердің сөзінше, бұл өте жиі кездесетін белгі болса да, оны назарсыз қалдыруға болмайды. Егер ауырсыну сізді тұрақты мазаласа, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз. Қазір тізедегі ауырсынуды басудың көптеген медициналық әдісі бар.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер сөмкені бір иыққа асып жүрудің буынға қалай әсер ететінін айтқаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Суррогат ана көмегіне кімдер жүгіне алады?

 Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә