Тоңазытқышта сақтау керек сіз білмейтін 5 тағам

Тоңазытқышта сақтау керек сіз білмейтін 5 тағам
Фото: pixabay

Кейбір тағамдарды адамдар тоңазытқышта сақтау маңызды деп ойламайды. Алайда төменгі температурада жақсы сақталатын тағамдар бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

  • Шелпек (лепешка)

Дүкеннен сатып алынған жұқа нандарды тоңазытқышта сақтау керек. Өйткені олар ұннан жасалған.  Осылайша олар әлдеқайда ұзақ сақталады және ешқандай көгеру оларға қауіп төндірмейді. 

  • Цитрус жемістері

Лимон, апельсин және әк (лайм) салқын жерде жақсы сақталады. Бұл олардың сақтау мерзімін ұзартады. Тоңазытқышта шамамен 5 градус температурада цитрус жемістері 3-6 апта бойы қаз қалпында болады. Дегенмен грейпфрут мұндай суықты қажет етпейді. Ол ыңғайлы және жоғары температурада бұзылмайды. 

  • Жаңа піскен жүгері

Жүгері суық болған кезде әлдеқайда жақсы сақталады. Өйткені бөлме температурасында қалдырылған кезде ондағы қант мөлшері күрт төмендейді. Егер сіз жүгеріні бірден пісірмесеңіз  тоңазытқышқа тікелей жапырақтаын жұлмай салу керек. Сол кезде жүгері бұзылмайды, 

  • Кетчуп

Көптеген адамдар тұздық бөтелкесін әрқашан үстел үстіне қояды. Бірақ бұл дұрыс емес. Кетчуп өндірушілері оны тек тоңазытқышта сақтау керектігін айтты. Тиісті хабарлама бүкіл әлемдегі ең танымал кетчуптардың бірін өндірушінің "Twitter" парақшасында айтылды.  Салқындатылған кетчупты 6 айға дейін сақтауға болады. Сонымен қатар бұл өнімнің дәмі мен балғындығын жоғалмайды. 

  • Дәнді бидай ұны

Сарапшылар ұнтақталғаннан кейін дәнді дақылдардың дәмі мен хош иісі жоғала бастайтынын ескертеді. Егер мұндай ұн бөлме температурасында сақталса уақыт өте келе ащы бола бастайды. Дәнді бидай ұны сақталатын жер неғұрлым суық және қараңғы болса, соғұрлым жақсы. Жылу мен жарық тотығу жылдамдығын арттырады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Зинешов