Күзгі хандраны жеңудің 6 әдісі

Күзгі хандраны жеңудің 6 әдісі
Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Күзде көпшілік адамдар, тіпті, оптимистер де енжарлыққа салынуы мүмкін. Бұл мезгілде мұңаюға себеп көп: күн суып кетеді, күн ерте батып, айнала жылдам қараңғы болады және аспан бұлттанып тұрады. Күзгі хандраға түсіп кетпес үшін не істеу керек?

Күтіңіз

Алғашқы қар түскен кезде ағза суыққа және күннің жетіспеуіне бейімделеді, яғни айналадағы өзгерісті жеңіл қабылдай бастайсыз, көңіл күйіңіз дұрысталады. Мұндай кезде барлық адам өзін әлсіз сезінетінін қабылдаңыз және өзіңізді күшіңіз азайып кеткені үшін сөкпеңіз. Өзіңізге уақыт арнаңыз, көбірек демалыңыз, серуендеңіз және кітап оқыңыз.

Адамдармен араласыңыз

Көпшілік күзді жалғыздықпен ұқсастырады. Олар бұл мезгілде жылы көрпенің астында кино қарап жатқанды жөн санайды және басқалардан оқшауланады. Керісінше, жақындарыңызбен жиі кездесуге тырысыңыз: анаңызды киноға апарыңыз, құрбыңызды кафеге шай ішуге шақырыңыз және достарыңызға үстел ойындарын ойнауды ұсыныңыз.

Серуендеңіз

Сыртта ауа райы қолайсыз болса да, далаға шығуға тырысыңыз. Саябаққа барыңыз және таңертең бірз жаяу жүруге тырысыңыз. Сол кезде сізде дофамин гормоны көбірек бөлінеді, нәтижесінде, өзіңізді бақыттырақ сезінесіз.

Жемістер мен көкөністер жеңіз

Күз – дәрумендерге бай түрлі көкөністер мен жемістер маусымы. Жаңадан піскен тамақ жеуге, дастарханды әдемі етіп безендіруге және жаңа дүниелерді байқап көруге тырысыңыз. Күзгі рецептілерге мән беріңіз, мысалы, асқабақ сорпасын және алма бәлішін пісіріңіз.

Қозғалыңыз

Күнде спортқа 15-20 минут арнаңыз: билеңіз, созылыңыз, йога жасаңыз. Ағза оттекпен қанығады және қолайсыз ауа райын жеңіл көтеретін болады.

Өзіңізге күтім жасаңыз

Жеңіл макияждың өзі сенімділігіңізді көтере алады және өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі. Киім таңдаған кезде ашық түстерден қорықпаңыз.

Оқи отырыңыз: Күз мезгілінде денсаулық нашарлауының сыры неде?

А. Жапатова