"Ыбырай Алтынсарин шоқынған!" Зайытов даулы "сұхбатына" қатысты түсінік берді

"Ыбырай Алтынсарин шоқынған!" Зайытов даулы "сұхбатына" қатысты түсінік берді
Фото: Telegram/Mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Желіні шулатқан "сұхбатына" қатысты түсінік берді. Ол мұны өзіне қарсы жасалған ақпараттық шабуыл деп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Жұрттың Ыбырайы — Ыбырай, біздің Ыбырай — сұмырай" деп айтылған сөзді білесіз гой. Бұл біздің Ыбырайға қатысты айтылған. Қанша тарихшылар, қанша әдебиетшілер айтса да, мен ақын ретінде айтайын, Ыбырай Алтынсаринның ряса (православие дін қызметкерлері киетін кең жеңді ұзын киім - ред.) киген суреті бар. Соны халық біле ме? Білмейді. "Бір Құдайға шоқынып, кел, балалар, оқылық" дейді. Кейін біз ғой, өзгертіп алған, "Бір Аллаға сыйынып" деп", - дейді Зайытов желіні шулатқан сұхбатында.

Артынша желіде сұхбаттың толық нұсқасы жарық көрді. Сөйтсе, видео монтаждалған екен.

Толық нұсқасында "Мектеп ашу үшін Ыбырай Алтынсарин шоқынған болып көрініп, патша үкіметін алдады" депті депутат, бірақ мұндай кесілген бейнеролик Зайытовтың өзін таңғалдырмаған екен. Ол осылай боларын "білдім" дейді.

"Ондай сөз жоқ оның ішінде. Ол мектеп ашуға мәжбүр болып, осындай әрекеттерге барды деген бар. Егер сіз сұхбатты толық көрсеңіз. Бұл, қателеспесем, ақпан айында болған. Бұл шабуылдың болатынын мен алдын ала білдім. 15-17 қарашаның арасы деп отыр маған, жеткен ақпарат бойынша. Айтып алсын барлығын. Содан кейін өзім жауабын беремін толық", - дейді Мәжіліс депутаты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан