Теңіз суымен дәрет алуға бола ма?

Теңіз суымен дәрет алуға бола ма?
Фото: pixabay.com

Теңіз суымен ғұсыл, дәрет алуға бола ма? Бұл сұраққа Fatua_kz-ке Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман теңіз суының тұздылығы оны су атауынан шығарылмайтынын айтты.

"Пайғамбарымыздан осы жайында сұраған кезде ол "теңіз суы таза және өлексесі адал" деген, яғни "балығын аулап, оны бауыздамасаң да адал болады" деген. "Суы таза" дегені ғұсыл дәрет немесе жай кіші дәрет болсын жарап жатыр. Судың тұздылығы оны су атауынан шығармайды. Фиқһта жалпы су деген ұғым бар. Оған 7 түрлі су кіреді. Оларға аспанның суы, бұлақ пен құдықтың суы, қар, жаңбыр, теңіз бен өзендер жатады. Бұлар жалпы су атауына кіреді, демек олардың суы дәретке, ғұсыл дәретке - бәріне жарамды", - деді имам.

Оқи отырыңыз: Бірдеңе жоғалтып алсаңыз, "жарайды, садақа" деу дұрыс па?

А. Жапатова