"Серіктесің сұлу болса, неге түспеске?" Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбек кинодағы төсек сахналары туралы айтты

Актер Айдар Асқарбек кинодағы ашық сахна туралы өз ойын айтты. Бұл туралы өнер иесі Оян бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Рауза" телехикаясы арқылы танылған актер Айдар Асқарбек әлеуметтік желі арқылы ай сайын қанша табыс табатынын жеткізді.

"TikTok желіде отырамын. Енді ол жердегі табыс сенің тұрақты түрде онлайн стримда отырғаныңа байланысты. Әлеуметтік желіде орта есеппен 2-7 миллион теңге табыс табамын. Ол менің уақытыма, желіге қосылуыма байланысты", - деді Айдар Асқарбек. 

Сондай-ақ, ол түсірілім барысында ашық сахналар қиындық тудырмайтынын да жеткізді.

"Ашық сахна қиындық тудырмайды. Жаныңдағы серіктесің әдемі, сұлу болса, неге қиындық тудыру керек?", - дейді актер. 

Айта кетейік, Аша Матайдың ағасы актер Айдар Асқарбек бұрын жеті жыл ішкі істер министрлігінде учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкіл және соңғы рет Алматы қаласы Медеу ауданының полиция бөлімінде тергеуші болып қызмет істеген. Бірақ жеке кәсіпке бет бұрған соң, ол жерден өз еркімен кетуіне тура келгенін, кейін киноға түсуге ұсыныс түсіп, өнер саласына бет бұрғанын сұхбаттарының бірінде айтқан болатын. Әнші, актриса Жарқынай Ханайым күйеуі Айдар Асқарбекпен не себепті ажырасып кеткенін айтқан еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!